1-ші компонент: Өңірлік даму және саясат үшін институционалдық негіз

Өңірлік даму бағытындағы барлық іс-шаралар соның аясында өткізілетін Жобаның 1-ші компоненті, өңірлік даму саясатын ұлттық деңгейде қолдайды. Бұл компоненттің орындалуы өңірлік саясатты жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін негіз бола алады, сонымен қатар оларды ұсыну сапасын бақылау жүйесін өңдеуге жағдай жасайды. Бұл негіз өңірлік саясат үшін облыстық деңгейде өңірлік стратегиялар мен қызмет ұсынудың  мазмұны мен маңызын анықтайды.

Бұл компоненттің басты мақсаты, Қазақстанның өңірлік дамуы үшін үкіметтің орталық және өңірлік деңгейлерде заңнамалық және институционалдық негізін жасақтап және іске асыруда қолдау болып табылады.

1-ші компоненттің негізгі мақсаттары:

  • Өңірлік даму және басқару саласындағы стратегияларды, заңнаманы, регламенттер мен жоспарларды қарап, оларды жақсартуға кепілдемелер жасау.
  • Үш пилоттық облыстардың аудандық әкімдіктерінің қызмет қорытындыларын бағалау және жергілікті басқару процесстерінің мониторингтік жүйесін жасау.
  • Экономикалық зерттеулер институтының жанындағы Өңірлік саясат орталығының институционалдық  потенциалын арттыру.
  • Облыстық бақылау комиссияларының (маслихаттар) потенциалдарын арттыруға көмектесу.

 

Осы компоненттің аясында мынадай іс-шаралар атқарылады.

Әрекет етудің 1-ші аймағы «Өңірлік даму саласындағы ұйымдастыру жүйесін, заңнамалық негізін және саясатын жетілдіру»

  • Өңірлік даму және басқару саласындағы стратегиялардың, заңнаманың, регламенттер мен жоспарлардың күнделікті жағдайын бақылау, оларды жақсартуға кепілдемелер жасау.
  • Заңнамаға, институционалдық потенциалға, жоспарлауға, мониторинг пен жүзеге асыруға өзгерістер енгізуді ескере отырып Өңірлік дамудың жетекші жоспарын жасауды қолдау.
  • Өңірлік саясатты дамытудың іске асқан  реформаларын бағалай отырып жүйелі есептер дайындау және кепілдемелер жасау.
  • Өңірлік дамудың жетекші жоспарын қабылдау, іске асыру, мониторингтеу және жүйелеу мақсатта ашық пікір-таластар, дөңгелек үстелдер, форумдар, қоғамдық тыңдаулар және т.б. ұйымдастыру.
  • Жергілікті даму субъектілернің арасындағы байланыс каналдарын (тігінен және көлдеңінен) қолдау.

 

Әрекет етудің 2-ші аймағына сәйкес «Үш пилоттық өңірлерде аудандық мемлекеттік орындардың жұмыстарының қорытындыларын мониторингтейтін және бағалайтын жүйе жұмыс істейді: орталық Үкімет жергілікті мемлекеттік орындардың жұмыс қорытындылары туралы нығайтылған мәліметтер алып отырады» мынадай іс-шаралар атқарылады:

  • Жергілікті деңгейде әкімдіктер қызметінің қорытындыларын бағалайтын жүйені күнделікті қадағалау, соның ішінде мемлекеттік қызметтерді ұсыну, стратегиялық мақсаттар мен қойылған талаптарға жету, бюджеттік процессті басқару, ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу.
  • Мемлекеттік орындардың қызметінің қажеттілік нәтижесін бағалайтын Орталықпен бірге (қызметтердің қорытныдыларын бағалау процессіне қатысатын барлық институттармен әрекеттесе отырып) жергілікті деңгейде мемлекеттік орындардың қызметінің нәтижесін (қолдануда бары және жаңасы)  қадағалауға, бағалауға және мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай ақпараттық жүйені дайындау және жасау.
  • Қызметтерді бағалаудың жаңа жүйесінің жобасын ҚР Президентінің Әкімшілігінде, Премьер-министрдің Кеңсесінде, пилоттық облыстардың әкімдерінің арасында таныстыру және талқылау.
  • Қызметтерді бағалаудың жаңа жүйесін пилоттық үш облыстарда  тестілеу.
  • Қызметтерді бағалаудың жаңа жүйесін іске асыру үшін жетекші жоспар дайындау.
  • Қолданыста бар электрондық үкімет құралдарына қызметтерді бағалаудың жасалынған және бекітілген ақпараттарын интеграциялау.
  • Оқытулар, семинарлар, консультациялар мен танымдық іссапарлар арқылы Мемлекеттік орындардың қызметінің қажеттілік нәтижесін бағалайтын Орталыққа қолдау және көмек көрсету.

 

Әрекет етудің 3-ші аймағы «Өңірлік даму мәселелріне талдау жасап, стратегиялар құру, іске асыру, мониторингтеу және бағалау саясатын жасаушыларға  Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Өңірлік және әлемуттік зерттеулер орталығының институционалдық мүмкіндіктері жақсартылады»:

  • Өңірлік және әлеуметтік зерттеулер орталығының негізгі қызметтерін дамытуына қолдау көрсету, соның ішінде өңірлік және жергілікті тұрақты даму мен жоспарлау, қызметтерді өңдеу және пайдалану, электрондық үкіметті дамыту, консультативтік орындарға қолдау көрсету, пилоттық және мемлекеттің басқа облыстарында өңірлік дамудың жағымды тәжірибелерін тарату, жаңа мазмұндағы жұмыс топтарын құру.
  • Өңірлік және әлеуметтік зерттеулер орталығының Еуропалық Одақтың ұқсас орталықтарымен байланыстарын қолдау.
  • Өңірлк оқыту орталықтарын негізге ала отырып, Өңірлік және әлеуметтік зерттеулер орталығының ҚР пилоттық облыстарда  ұқсас орталықтар құру тәжірибесін тарату.
  • Семинарлар, тренингтер және танымдық іссапарлар ұйымдастыру арқылы Өңірлік және әлеуметтік зерттеулер орталығына методологиялық, ақпараттық және оқытушылық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
  • Жергілікті дамуды оқытатын еуропалық орталықтармен байланыстарды құрып, оны одан әрі дамытуды қолдау.

 

Әрекет етудің 4-ші аймағы «Облыстық деңгейлерде бақылау комиссияларының мүмкіндіктері нығайтылады»:

  • Облыстық деңгейде бюджетті мониторингтеу жүйесін қадағалау және оны жақсарту үшін консультациялар беру.
  • Бақылау комиссияларының және басқада қаржылық есеп механизмдерінің мүмкіндіктерін нығайту үшін Жол картасын жасау.