2-ші компонент: Облыстардың даму стратегияларын жоспарлау, іске асыру, мониторингтеу және бағалау

2-ші компонент өңірлік биліктерге үш пилоттық облыстарда дамудың стратегиясын жасауда және басқаруда жалпы қолдау саясатының аясында жұмыс істейді. Бұл компонент бағдарламаны басқарудың барлық аспектілерін (бағдарлама жасау, бағдарламаны басқару жүйесін, қаржыландыру жүйесін, мониторинг, бағалауды және т.б. қосқанда) қамтиды. Осы компоненттің аясында өңірлік дамудың нақты мәселелеріне және қаржыландыру үшін өңірлік жобалар жасауына сарапшылардың (эксперттердің) қорытындылары беріледі. 2-ші компоненттің маңыздылығы сонда, бағдарламаның іске асырудың кез-келген  деңгейінде барлық азаматтардың белсенді ат салыса алатындығында.

Бұл компонент, Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Одақтың келіссөздері арқасында пилоттық болып таңдалған үш облыста өңірлік даму стратегиясын іске асыруды жақсартуға бағытталған. Олар Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары. Үш өңірдің әлеуметтік-экономикалық жүйелеріде, табиғи-қорлық негіздеріде, инфрақұрылымдық жүйелері мен потенциалдарыда әр түрлі. Бұл айырмашылықтар Қазақстанның басқа облыстарына қажетті тәжірибеге мысал болатындай өте жақсы үйлесімдік береді.

Бұл компонент даму стратегияларын, оларды іске асыру процесстерін (жоспарлау, бюджеттеу, іске асыру, мониторинг, бағалау) және өңірлік деңгейде шешім қабылдауға азаматтардың қатысу механизмдерін жақсартуға көмектеседі. Операциялық деңгейдегі атқару институттары (әкімдіктер), сондай-ақ саяси деңгейдегі институттарда (маслихаттар) көмектің негізгі реципиенттері болып табылады. Сонымен қатар, бұл компонент саясатты жасауда және іс-шараны өткізуге үкіметтік емес жүйелердің де белсенді қатысуларын қамтамасыз етуге тырысады. 

Осы компоненттің аясында атқарылатын негізгі аймақтар:

  • Өңірлік дамудың бағдарламаларын жасауда, іске асыруда, мониторингтеуде және бағалауда қолдау көрсету.
  • Қазақстанның өңірлік саясатында азаматтар мен үкіметтік емес субъектілердің ажырамай қатысуының жүйесін жасау.
  • Техникалық саладағы жоғары білікті мамандардың қызметіне өңірлік биліктегілердің қолжетімділігін жақсарту.
  • Түрлі іс-шаралар мен белсенділіктердің нәтижелерімен, қорытындылары мен тәжірибелерімен бөлісу үшін Қазақстанның өңірлерінің арасында өзіндік «оқу жүйесін» құру.

 

Осы компоненттің аясында келесі іс-шаралар іске асырылады. 

Әрекет етудің 1-ші аймағы «Пилоттық облыстар жергілікті дамытуды жақсартуға бағытталған басқарудың әдістері мен технологияларымен танысады және орындауға қабылдайды (мәліметтер жинау, мәселені талдау, фактілер негізінде саяси бағытты жасауға, мониторинг және бағалау сияқты)»:

  • Қазіргі кезде жергілікті даму мен қызмет ұсынуды бағалау үшін облыстық деңгейде пайдаланылып жүрген басқарудың қолданыстағы әдістерін, құралдары мен технологияларын (мысалы, ГИС жүйе, статистика) бағалау және оны жақсартуды қолдау.
  • Жергілікті билік үшін оқуға қажеттілікті бағалауды қоса отырып потенциалды өсіру стратегиясын жасау және оларды іске асыру үшін Өңірлік оқыту орталықтарымен қарым қатынас жасау.
  • Пилоттық облыстардың әкімдіктерін кедейліктің көлеміне талдау жасау және оның санын қысқарту процессінде, саясатында және әрекет ету жоспарында  қолдау.
  • Пилоттық облыстардың әкімдіктерін жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметттер потенциалын және маханизмдерін бағалау мен толыққанды мониторинг жасауда және іске асыруда, жергілікті даму үшін саясатты іске асыруда қолдау.
  • Пилоттық және басқа облыстардың лайықты жүйелерін біріктіретін, үкіметтік емес сектордың қатысу мүмкіндігімен мазмұнды жұмыс топтарын құру.

 

Әрекет етудің 2-ші аймағы «Жергілікті даму бойынша шешім қабылдау процессінде тұрғындармен азаматтық қоғамның қатысу дәрежесі артады, жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы көтерілген, есеп берудің механизмдері нығайтылған»:

  • Қолданыстағы бар заңнаманы және үш пилоттық облыстардағы, мүмкін аудандық деңгейлерде шешім қабылдауда азаматтардың қатысу тәжірибесін қадағалау, және азаматтардың қатысу тәжірибесін кең көлемде пайдалануды қолдау.
  • Шешім қабылдау процессінің кез-келген сатысында азаматтық қатысуларды кең көлемде пайдаланудың институционалдық және жеке-дара потенциалын пайдалануды іске асыруды жасау және қолдау, соның ішінде мысалы,  жәрдемақы беру және басқада құралдарын пайдалану.
  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, соның ішінде Халыққ қызмет көрсету орталықтарын қосқанда (ХҚКО) азаматтардың ой-пікірлерін жасаушыларға, менеджерлерге уақытында жеткізуді қолдау.
  • Тұрғындардың әлсіз және маргиналдық әлеуметтік топтарының қатысуларын арттыру механизмдерін жасау.
  • Шешім қабылдауда азаматтық қатысуды зерттеумен айналысатын ЕО-ның институттарымен  байланысты дамытуға және олардың тәжірибесімен алмасуға көмектесу.

 

Әрекет етудің 3-ші аймағы «Пилоттық облыстардың өтініші бойынша, экология, мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қосқанда әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды қамти отырып өңірлік дамудың нақты мәселелеріне қатысты тақырыпта қысқа мерзімді  сарапшылар (эксперттер)  қызметі ұсынылады»:

  • Жергілікті саясаттың приоритеттеріне және мәселелердің жіті талдауына сүйене отырып облыстық әкімдіктің талабы бойынша өңірдің алдын-ала анықталған мәселесі бойынша және өңірдің тұрақты дамуына бағытталған нақты тақырып бойынша қысқа мерзімді сараптамалық (эксперттік) көмек көрсетіледі.
  • Қажетілік туындаған жағдайда инвесторлармен, Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған Инвестициялық қоры жобасын қосқанда қарым қатынас орнатуға көмектесу.

 

Әрекет етудің 4-ші аймағы «Пилоттық облыстар ішінде озық тәжірибемен алмасу, басқа облыстар көрсетілген қолдаудан пайда көреді»:

  • Пилоттық және Қазақстанның басқа облыстарында озық ойлар мен тәжірибелерді таратуға мүмкіндік беретін механизмдерді жасау және іске асыру.