3-ші компонент: ХҚКО-ның мемлекеттік қызметтерді ұсынуы

3-ші компонентте пилоттық үш облыс ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын, қолжетімділігін және нәтижелілігін арттыру іс-шараларын өткізу алаңдары болып табылады. Бұл компонентте Қазақстан аймағында ХҚКО жүйесін ары қарай жетілдіруде стратегиялық даму бағыттарын жасау қарастырылған. Бұл дегеніміз, осындай қызмет түрлерін ұсыну барысында технологиялар мен методологиялық құралдарын жақсартуға бағытталған облыстарда мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуға жағдай жасайды. Сонымен қатар бұл компонент өңірлердегі ХҚКО қызметкерлерінің басқарушылық және атқарушылық дағдыларын жақсартуға көңіл бөледі.

Үш пилоттық облыстарда қол жеткен оң нәтижелер керек уақытында басқа облыстарғада мультиплицировать ету үшін таратылады.

3-ші компоненттің басты мақсаты, пилоттық үш облысқа көңіл бөле отырып ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жақсарту болып табылады.

Негізгі мақсаттары:

  • ХҚКО орталықтарын дамыту үшін ұзақ мерзімді стартегия және оны іске асыру үшін жұмыс жоспарын жасау.
  • ХҚКО-да әр түрлі функцияларды атқару үшін жеке-дара және институционалдық потенциалдарын қарастыру.
  • ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет ұсыну үшін заманауи технологиялар және басқару құралдарымен танысу.
  • ХҚКО азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жақсарту.
  • Пилоттық облыстардағы қызметтерден басқа да облыстарда  пайдалы жағын пайдалану.

 

3-ші компоненттің аясында мынадай іс-шаралар іске асырылады.

Әрекет етудің 1-ші аймағы «ХҚКО дамытудың ұзақ мерзімді стартегиясы жасалып, оны іске асыру бойынша жұмыс жоспар қабылданып іске асырылады.  ҚР барлық қатысатын жақтардың арасында ХҚКО дамуының айқын көріністері жасалынады»:

  • Қолда бар зерттеулерге сүйене отырып ХҚКО туралы заңнамалар мен қызметтерін бақылау, қажет болған жағдайда жергілікті атқару орындарының өздерінің мониторинг, қызметтің қорытындыларын қолдау және бағалау сияқты фунционалдық қызметтерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында реформа жасау үшін кепілдемелер беру.
  • Ұйымдастыру жүйесін, заңнамалық, кадрлық қамтамасыз ету, фнкцияларды ХҚКО-на беру, бизнес-процесстер, қызметтік міндеттерін атқару, есеп беру, басқару, мониторинг және бақылау жүйесі, клиенттердің тілектері және т.б.шолуларға сүйене отырып, ХҚКО қызметі мен дамуы үшін жұмыс жоспарларын жасау мен іске асыруда жергілікті арнайы биліктерге қолдау көрсету.
  •  ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесстерін жақсарту үшін пилоттық облыстардың басшылары мен орталық билік арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға қолдау көрсету.

 

Әрекет етудің 2-ші аймағы «ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерін ұсынуды жақсартудың заманауи технологиялары мен басқару құралдары жасалынады»:

  • Облыстық деңгейде құзырлы орындармен біріге отырып бар потенциалды бағалап, әлсіз жерлерді анықтап Мемлекеттік басқару Академиясы және пилоттық облыстардағы Өңірлік оқыту орталықтарымен өзара қатынас жасай отырып потенциалды көтеру үшін стартегия жасау.
  • Анықталған жетіспеушіліктерге сүйене отырып, биліктің орталық орындары мен пилоттық облыстардың әкімдіктерін жұмыс нәтижесінің көрсеткішін, қызметтік инструкцияларды, қызмет стандарттарын, оқыту бағдарламаларын, дәйектер мен білім алмасу жүйесін қосқанда ХҚКО қызметкерлерін басқару жүйесін жасауда қолдау көрсету.

 

Әрекет етудің 3- ші аймағы «ХҚКО арқылы мелекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын арттыру үшін  заманауи технологиялары мен басқару құралдары жасалынады»:

  • Пилоттық облыстардағы ХҚКО жауапты басқару институттарына ХҚКО арқылы қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған жаңа технологиялар (мысалы, электрондық үкіметтің құралдары) мен басқарудың  методтарын ендіруде көмек көрсету.
  • Пилоттық облыстардағы құзырлы орындарға облыс бойынша ХҚКО арқылы қызмет ұсынуға жұмыс жоспарын жасауда қолдау көрсету.

 

Әрекет етудің 4-ші аймағы «Азаматтардың ХҚКО қолжетімділігі жақсарады, әсіресе ең төменгі өңірлік деңгейде»:

  • Облыстық орындарды азаматтардың ХҚКО қоолжетімділігін бағалауда, соның ішінде ең төменгі өңірлік деңгейде (мысалы, «ХҚКО қызметтердің картасында көрсету» арқылы), жетіспеушіліктерді анықтау және билік орындарымен бірге қолжетімділікті жақсартуда қолдау көрсету.
  • Облыстық орындарды ХҚКО ұсынатын қызметтер туралы клиенттердің пікірін білу жүйесін жасап іске асыруда қолдау көрсету.

 

Әрекет етудің 5-ші аймағы «Пилоттық облыстардағы ХҚКО арқылы әкімшілік қызмет ұсынудың тәжірибесі басқа облыстарғада таратылады»:

  • Жобаға пилоттық және пилоттық емес облыстарда нәтижелі тәжірибені таратудың механизмдерін жасап іске асыру.