4-ші компонент: өңірлік даму субъектілерінің потенциалын арттыру

4-ші компонент жобаның барлық  қызметтерін іске асыру негізінде жатқан оқыту іс-шараларының көлденең жиынтығын көрсетеді. Ұлттық өңірлік даму саясатын (1-ші компонент) құру адами ресурстарды дамыту бағдарламаларының арқасында қызығушылық танытқан ұлттық субъектілер, Өңірлік даму министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты, Қызметтің тиімділігін бағалау орталығы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік және т.б. үшін қолданылады. Шындығында бұл жүйенің маңызды бөлігі, ұлттық және өңірлік деңгейде оқуға тартылғандардың қажеттілігіне жарайтын оқыту жүйесінің дұрыс дамуы болып табылады. Бұл жоба барысында өңірлік деңгейдегі субъектілердің (облыстық және аудандық әкімдіктер, үкіметтк емес жүйелер және т.б.) өңірлік саясатты жасау процессіне (2-ші компонент) өз үлесін қосу потенциалы әр түрлі аспектілерде жасалған бағдарламалар циклінің арнайы оқыту бағдарламалары бойынша күшейтіледі. Сонымен қатар, ХҚКО басшылығы мен қызметкерлеріне потенциалдарын арттыру бағдарламалары бойынша көмек көрсетіледі. Олар қызмет көрсету әдестерін және ХҚКО жүйесінде қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесін жасауды жақсартады.

4-ші компоненттің басты мақсаты ұлттық және облыстық деңгейде өңірлік саясат субъектілерінің біліктілігін арттырудың тұрақты жүйесін жасау болып табылады. Бұл компонент жобаның үш компоненттерінің іске асырылуына және ортақ қарым-қатынасына ықпал етеді.

Осы компоненттің негізгі мақсаттары:

  • Қолданыста бар өңірлік даму мен қызмет көрсету (ХҚКО қосқанда) саласына кадрлар дайындау жүйесін одан ары жетілдіру.
  • Өңірлік саясатты жоспарлауда, іске асыруда, мониторинг жасау және бағалау процесстеріне жергілікті қатысушылардың потенциалдарын көтеру.
  • Пилоттық облыстырда облыстық деңгейде потенциалды арттыру мен оқыту жүйесін жасау.

 

Осы компоненттің аясында мынадай іс-шаралар атқарылады деп қарастырылуда.

Әрекет етудің 1-ші аймағы «Жергілікті орындарда жергілікті даму және қызмет көрсету (ХҚКО қосқанда)  саласында оқыту жүйелері едәуір жақсартылып, қабылданып, іске асырылады»:

  • Мемлекеттік басқару Академиясының қолдауымен жергілікті даму және жергілікті орында қызмет көрсету (ХҚКО қосқанда) саласының қолданыстағы бар ұлттық оқыту жүйесін бағалау.
  • Жетіспеушіліктердің сараптамасы негізінде, жергілікті орындарда дамудың барлық аспектілерін қамтитын, тренерлерді, жергілікті даму саясатын жасаушылар мен практиктерді оқытуға бағытталған оқыту бағдарламаларына қолдау көрсету.
  • Жергілікті даму туралы маңызды мәселелерге байланысты мерзімді басылымдарды дайындау, шығару және тарату.
  • Жергілікті даму мәселесі бойынша Еуропалық институттармен байланыс орнату және ары қарай дамытуды қолдау.

 

Әрекет етудің 2-ші аймағы «Жергілікті даму саласындағы саясатты жоспарлау, іске асыру және мониторингтеу (мемлекеттік есепке алуды қосқанда) аясында жергілікті орындардың субъектілерідің мүмкіндіктері күшейтіледі»:

  • Әрекет етудің 1-ші аймағына қосымша ретінде, пилоттық облыстарда, алынған нәтижелерді пилоттық емес облыстарда таратуды көздейтін, даму процессінің жергілікті қатысушыларының потенциалын арттыру әрекеттерін жасап, іске асыру.
  • Мемлекеттік басқару Академиясы, Экономикалық зерттеулер институтымен біріге отырып Өңірлік оқыту орталықтарының қызметкерлері мен оқыту бағдарламаларына қатысушыларға арнап әр түрлі тақырыптағы веб-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.
  • Құрамында оқыту материалдары, әдістемелік құралдар мен тақырыптық зерттеулер бар өңірлік даму саласындағы «жетік тәжірибелерді» жинақтайтын электрондық кітапхана жасау.

 

Әрекет етудің 3-ші аймағы «Пилоттық облыстар деңгейінде өңірлік даму субъектілерінің жұмысы үшін механизмдері мен потенциалын арттырудың дұрыс жүйелері жасалады, мысалы, Өңірлік Оқыту Орталықтары және басқа механизмдер/мекемелер»:

  • Пилоттық облыстарда даму процессінің жергілікті қатысушыларының (Өңірлік Оқыту Орталықтарын қосқанда) потенциалын арттырудың қолданыста бар  модульдері мен жүйелерін бағалау және қажеттілігіне қарай өзгерістер ұсыну.
  • Заманауи оқу құралдарын, оқу процесстерін және бағдарламаларды басқарып, пайдаланғаны үшін потенциалды арттыру мен оқыту саласына мамандандырылған Өңірлік Оқыту Орталықтарын немесе басқа мекемелерді қолдау.
  • Өңірлік дамудың жергілікті қатысушылары мен тренерлерді оқытуды ұйымдастыруға көмектесу.