Журналистерге арналған ақпараттық қызмет

«Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының қызметін түсіндіру және ақпараттылығын арттыру үшін жоба қызметкерлері ақпараттық және коммуникациялық іс-шараларды кең ауқымда атқарады. Қазақстанның өңірлік даму процессі туралы ақпарат алғысы келетіндер үшін ұсынылатын қызметтер ішінде жобаның веб-сайты, ақпараттық бюллетендер, прес-релиздер, брошюралар, басылымдар, әр түрлі мақсаттағы аудиториялардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған аудиовизуалдық материалдар мен іс-шаралар бар.

Қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы (эксперті) мен жобаның қызметкерлері жобаның сарапшыларымен (эксперттермен) және бенефициарларымен сұхбат ұйымдастырады, пресс-конференциялар, жобаның кеңсесі мен Қазақстан Республикасының өңірлерінде пресса үшін семинарлар мен брифингтер өткізеді, жоба аясындағы іс-шаралар туралы пресс-релиздер жасайды және веб-сайтты әрдайым жаңалап отырады. Журналистер жобаның таралымына жазылып әрдайым жаңалықтарды білуіне, сонымен қатар жылына екі рет шығарылатын жобаның пресс-релиздері мен бюллетендерін алып отыруына болады. Жоба аясында жасалып, веб-сайтта басылған мультимедиалық және мәтіндік материалдар баспалық сапада сұраныс бойынша қолжетімді.

Толығырақ мәлімет алу үшін немесе арнайы сауалдар бойынша жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысына (экспертіне) хабарласуыңызды өтінеміз.
«Астаналық» БО, 805 кеңсе, Қонаев көшесі, 33, Астана, 010000, Қазақстан Республикасы
Тел: +7 7172 50 79 29, 27 85 09
Ұялы: +7 705 316 46 09

«Қазақстанныі өңірлік дамуы» жобасын Еуропалық Одақ қаржыландырады және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігімен басқарылады. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің арнайы сайтында Еуропалық Одақ және ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігі туралы ақпараттар жарияланған.

ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігі туралы нақты әрі толық мәлімет алғыңыз келсе, Өкілдіктің баспасөз және ақпарат бөліміне хабарласыңыз:
Космонавтар көшесі 62, 4 қабат
Қазақстан Республикасы, Астана қ-сы, 010000
Тел: +7 7172 91 10 40
Факс: +7 7172 97 95 63
Email: Delegation-Kazakhstan-PIC@ec.europa.eu

Жобаның сарапшысына (экспертіне) жазу

Image CAPTCHA
*белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет