Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі

Өңірлік даму министрлігі, өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асуын, өңіраралық және салааралық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметтерін қосқанда кәсіпкерлеікке қолдау көрсетуді қадағалайтын атқарушы биліктің орталық органы болып табылады.

Министрлік Президенттің Жарлығымен 2013 жылғы 16 қаңтарда құрылды.

Министрлік туралы толығырақ мәлімет алу үшін Министрліктің веб-сайтына кіріңіз.

Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2011 жылдан бастап Комитет «ХҚКО» республикалық мемлекеттік мекеменің қызметін басқарады.

Комитеттің қызметі туралы толық мәлімет Көлік және коммуникация министрлігінің ресми веб-сайтында қолжетімді.

Үш пилоттық облыстардың әкімдіктері (Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары)

Жергілікті Мемлекеттік Басқару туралы Заңға сәйкес, Облыстық әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi. 

Облыстық әкімдіктің негізгі қызметіне облысты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзiрлеу және әлеуметтiк-экономикалық даму мен бюджеттiк параметрлердiң болжамын мақұлдау және мәслихаттың бекiтуiне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз ету; бизнестің дамуы мен инвестициялар салуға қолайлы жағдай жасау, қоғамыдқ тәртіп пен әлеуетін қорғау кіреді.

Толығырақ мәліметтерді Шығыс Қазақстан облыстық, Қызылорда облыстық және Маңғыстау облыстық әкімдіктердің арнайы веб-сайттарынан ала аласыздар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері жөніндегі Агенттігі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері жөніндегі Агенттігі мемлекеттік қызмет саласында заңнамада көрсетілгендей бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орын болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері жөніндегі Агенттік Елбасының Жарлығымен 1998 жылы 18 қыркүйекте құрылды және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын мемлекеттік орын.

Агенттік мемлекеттік қызметтің нәтижелілігін арттыру және жақсарту саласында мемлекеттік бағдарламаларды жасауға және оларды іске асыруға қатысады.

Агенттік туралы толығырақ мәлімет алу үшін Агенттіктің веб-сайтына кіріңіз.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Қазақстан Республикасында кадр саясатын іске асыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру функциясын өңірлік оқыту орталықтарымен және басқада оқыту орындарымен біріге отырып Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы атқарады. Академия, Өңірлік оқыту орталықтарына ғылыми-методологиялық, оқыту-әдістемелік және консультативтік көмек көрсету функциясын атқарады.

Толығырақ мәлімет Академияның веб-сайтында қолжетімді.

Өңірлік оқыту орталықтары

Өңірлік оқыту орталықтары жергілікті және территориялық әкімшілк орындардағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліг арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырып өткізеді. Орталықтар мемлекеттік қызметкерлердің біліктлігін арттыру үшін оқыту бағдарламалары мен методологияларын жасайды, талдама жасайды, үкіметтік емес оқыту орталықтарын қатыстыра отырып мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың жергілікті және халықаралық тәжірибені пайдаланады.

Қазақстандағы Өңірлік оқыту орталықтарының байланыс тізімдері мына жерде қолжетімді.

«Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ

Экономикалық зерттеулер институты құрылған уақытынан бастап маңызды Заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламаларды жасауға, елдегі экономикалық ахуалды бағалауға, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашаққа бағытталған еліміздің макроэкономикалық және территориялық дамуына қатысты стратегиялық міндеттерді іске асыру кепілдемелерін жасауда, мемлекеттік және жекеменшік секторлардың қарым-қатынасын реттеуге белсенді ат салысып келеді. «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы Институттың екі құрылымдық бөлімшесімен жұмыс істейді. Олар: Өңірлік және социологиялық зерттеулер орталығы және Мемлекеттік орындары қызметінің нәтижелілігін бағалайтын орталық.

Өңірлік және социологиялық зерттеулер орталығы Қазақстан Республикасындағы өңірлік даму мәселелері бойынша консультативтік көмек бірінші мекеме. Орталық мәселелерді талдауда, іске асыруда, мониторинг жасауда/ даму стратегиясын бағалауда және бюджеттік жоспарлауда консультациялар береді.

Мемлекеттік қызметкерлері қызметінің нәтижелілігін бағалайтын орталықтың негізгі мақсаты мемлекеттік орындардың қызметін жыл сайынғы бағалаудың жүйесін сараптамалық-талдамалық, методологиялық және ұйымдастыру тұрғысынан жетектей жүру деп анықталған.

Институттың толық мәліметін ресми веб-сайтынан біле аласыздар.