Келісімшарт туралы ақпарат
Жобаның ұзақтығы48 күнтізбелік айлар
Күшіне енген күн2013 жылдың 4 ақпаны
Аяқталу күні2017 жылдың 3 ақпаны
Жобаның жалпы бюджеттік құны6 288 000 евро.
Жобаны орындаушыGDSI Limited (Ирландия), ECORYS (Нидерланды), GOPA Consultants (Германия), Shannon Development (Ирландия) және Өңірлік даму ҒЗИ (Қазақстан) бірлескен консорциуммен.
Жобаның мақсаты мен міндеті
МақсатОблыстық әкімдіктердің мүмкіндіктері мен жауапкершіліктері аясын нығайту мен жергілікті экономиканы дамыту арқылы Қазақстанның өңірлерін бірқалыпты дамуына үлес қосу.
Міндеттер
  1. Үкіметке, жергілікті дамуға жағдай жасайтын орталық және өңірлік деңгейлерде заңнамалық және институционалдық базасын құруға және іске асыруға қолдау көрсету.
  2. Басқа облыстарға пайда келтіру үшін көңілді пилоттық «Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан) облыстарға бөле отырып, «Қазақстан – 2050» Стратегиялық жоспарына сәйкес қызмет көрсету жүйесін және жергілікті саясатты дамытуға қолдау көрсету.
Жобаның компоненттері
1-ші компонент.Өңірлік даму мен саясаттың институционалдық негізі
2-ші компонент.Облыстардың дамуын жоспарлау, іске асыру, мониторинг және стратегияларды бағалау.
3-ші компонент. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер ұсыну
4-ші компонент.Жергілікті даму үшін оқыту жүйесі
Қорытындылар мен нәтижелер
1-ші нәтижеӨңірлік даму саласында ұйымдастыру жүйесі, заңнамалық негіз және саясат жақсартылады.
2-ші нәтижеПилоттық облыстардың жоспарлау, бюджеттендіру, өңірдің даму стратегияларын ендіру мен мониторингтеу потенциалы артады.
3-ші нәтижеХҚКО-ң мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі жақсарады, соның ішінде негізгі көңіл пилоттық облыстарға бөлінеді.
4-ші нәтиже.Жергілікті даму субъектілерінің кәсіби жүйелері орталық деңгейде және пилоттық облыстар деңгейлерде жақсартылады.
Жобаның бенефициарлары
Тікелей бенефициарлар
  • Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі
  • Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі
  • Пилоттық облыстардың әкімдіктері
  • Қазақстан Республикасы мемлкеттік қызметі істері жөніндегі Агенттік
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
  • Өңірлік оқыту орталықтары
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
  • Облыстық маслихаттардың бақылау комиссиялары
Тікелей емесбенефициарлар
  • Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі
  • Пилоттық облыстардың маслихаттары
  • Облыстық әкімдіктер
  • Ұлттық мемлекеттік мекемелердің облыстық бөлімшелері
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары
  • Тренингтік мекемелер
  • Азаматтық қоғам
  • Үкіметтік емес ұйымдар